20.01.2015
Қазақтелеком «Сөйлесу жылуы» халықаралық байланыс топтамасын шығарады
«Қазақтелеком» АҚ Ақмола, Қостанай, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары абоненттері үшін «Сөйлесу жылуы» халықаралық байланыс топтамасын шығарады, деп хабарлайды компания.
20.01.2015
Ақтөбе облысында ҰОС ардагерлерінің өмір сүру жағдайы тексерілуде
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына дайындалу жоспарына сәйкес Мұғалжар ауданында соғыс ардагерлерінің өмір сүру жағдайы тексеріле бастады, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
20.01.2015
Бас прокуратура жаңа қылмыстық заңнаманың қолданылуына тексерісті бастады
Бас прокуратура Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін енгізу жағдайында материалдар мен қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдау барысында жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге көшу жөніндегі ережелерді сақтау бойынша қабылданып отырған шаралардың заңдылығы, толықтығы және уақтылығына тексерісті бастады, деп хабарлады ведомство.
20.01.2015
Инновациялық гранттар бағдарламасы бойынша ҮИИДМБ бірінші бесжылдығында 15,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді - ИДМ
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында инновацилық гранттар бағдарламасы бойынша 15,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі.
20.01.2015
Шымкенттік жасотандықтар Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне көмек көрсетуде
«Жас Отан» жастар қанатының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне барып үй шаруасына көмек көрсетті, деп хабарлады «Нұр Отан».