22.01.2015
Қазақстан мен Италия қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге қол қойды
Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарға қол қойды.
22.01.2015
Қазақстанда әйелдер арасында «жасыл» технологиялар жобаларын қолдау бойынша байқау жарияланды
Қазақстанда ауылдағы және жұмыссыз отырған әйелдер арасында «жасыл» технологиялар жобаларын қолдау бойынша байқау жарияланды, деп ОҚК брифингінде «Жасыл» экономика үшін және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ Атқарушы директоры Асхат Сүлейменов мәлімдеді.
22.01.2015
Қазақстан мен Еуроодақ тең құқылы әрі өзара тиімді әріптестер – Қ.Жақыпов
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Еуропарламент делегациясының басшысы Ивета Григуле қазақстандық-еуропалық өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады. Бұл Ивета Григуленің жаңа қызметінде Қазақстанға алғашқы келуі, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
22.01.2015
Теміртауда өнеркәсіптік өнім көлемі 410 млрд теңгеден асып жығылды
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Теміртау қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
22.01.2015
Ақмола облысында ЖҚЖК-2020 бағдарламасы бойынша 3 айдың ішінде ауылдық мектеп жөнделді
Ақмола облысы Бурабай ауданының Зеленый ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында 3 айдың ішінде ауылдық мектеп жөнделді.