24.01.2015
Алматы облыстық ІІД мен ТЖД автопаркі жаңа 138 автокөлікпен толықтырылды
Талдықорған қаласындағы орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор Рашид Жақыповтың қатысуымен салтанатты түрде ішкі істер департаменті мен төтенше жағдайлар департаментіне 138 жаңа қызметтік автокөліктер мен арнайы техникалардың кілтін табыстады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
24.01.2015
Қазақстанда 2015 жылы стационарлық және стационарды алмастырушы көмек түрін 574 ұйым көрсетеді
2015 жылы Қазақстанда республикалық бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде стационарлық және стационарды алмастырушы көмек түрін 574 емдеу ұйымы көрсетеді. Олардың 35,5% - жекеменшік ұйымдар.
24.01.2015
Алматы облысының әкімі Кеңес одағының Батыры Иван Косенковқа барды (Фото)
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қаратал ауданына сапары барысында Кеңес одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері Косенков Иван Васильевичке барды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
24.01.2015
Ақмола облысы кооперативі Астана нарығына шамамен 140 млн жұмыртқа жеткізді (ФОТО)
Елорда аумағында азық-түлік белдеуін құру аясында Ақмола облысы кооперативі Астана нарығына шамамен 140 млн жұмыртқа жеткізді.
24.01.2015
Түркияда Қазақстан дамуы тақырыбындағы конференция өтті – СІМ
Ниде Университетінде (Ниде провинциясы, Түркия) «Қазақстан-2050» Стратегиясын және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.