28.01.2015
Қазақстан Өзбекстан Үкіметімен азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге енген өзгерістерді ратификациялады
Мемлекет басшысы «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
28.01.2015
Ақтөбе облысында 66 нысан мүгедектерге бейімдетілді – ішкі саясат басқармасы
2014 жылы Ақтөбе облысында 66 нысанды мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлы ету үшін 44,7 млн теңге жұмсалды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.
28.01.2015
ҚР Мемхатшысы қазақстандық ғылыми кадрлар әлеуетін сақтау және арттырудың маңыздылығын айтты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ғылымды дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді.Кеңесте Қазақстанда жұмыс істеу үшін шет елдерден қазақстандық танымал ғалымдарды тарту және олардың жұмыс тиімділігін арттыру, республикадан тысқары кету ықтималдығын азайту мақсатында отандық ғалымдарға жағдайлар жасау мәселелері қаралды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
28.01.2015
Қазақстан шекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияға енген түзетулерді ратификациялады
Мемлекет басшысы «Шекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның 25 және 26-баптарына түзетуді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
28.01.2015
Астанада ҮИИДМБ аясында 167,8 млрд. теңгені құрайтын 22 жоба жүзеге асты (Фото)
Бүгін Астанада үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының Астана қаласындағы іске асу қарқыны, инновациялардың дамуы, АЭА (Арнайы экономикалық аймақ) және индустриялдық аймақтар, инвестиция тарту, туризм және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері сөз болды.