09.02.2015
Қазақстанда терроризм актілерінің жолын кесу үшін жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулық бекітілді
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекітті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
09.02.2015
Балхаш ауданының өнеркәсіптік өнімінің көлемі 1,2 млрд теңгені құрады – әкім
2014 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 1,2 млрд теңгені, ауыл шаруашылығы өнімі - 14,03 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Алматы облысы Балхаш ауданының әкімі Бейсеғали Жүнісов жергілікті халықпен есепті кездесуде.
09.02.2015
Өскеменде ШҚО мен Лион (Франция) қаласының ынтымақтастығы талқыланды (Фото)
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Францияның Алматыдағы Бас консулы Патрик Ренар бастап келген француз делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
09.02.2015
Каирде Қазақстан-Мысыр қарым-қатынасы талқыланды – ҚР СІМ
Каирде Қазақстан-Мысыр сыртқы қарым-қатынас консультациясының 6-шы раунды өтті. Қазақстандық тарапты Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов бастады, ал мысырлық тарапты сыртқы істер министрінің орынбасары Ясер Мурад бастады.
09.02.2015
Ақмола облысында жылына 60 мың тонна болатын құс фабрикасы іске қосылады
Ақмола облысында жобалық қуаттылығы жылына 60 мың тонна болатын құс фабрикасы іске қосылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.