10.02.2015
17 ел ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушы елдерді тарту бойынша келіссөздер барысының қарқыны үдеуде. Көрмеге қатысатынын 17 ел ресми түрде растады, олардың арасында ТМД мен Еуропалық Одақ елдері бар, деп хабарлады Ұлттық компания.
10.02.2015
Чехия елшісі ШҚО-ның инвестициялық тартымдылығын атап өтті (Фото)
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Қазақстан Республикасындағы Чехия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Элишка Жиговамен кездесу өткізді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
10.02.2015
Астанада 4 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды
2015 жылдың 30 қаңтарына дейінгі Астана қаласы әкімдігінің көрсеткіші бойынша, қала бойынша құжат қабылдау басталған күннен бастап 4 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды, деп хабарлады Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаменті.
10.02.2015
Жамбыл облысының 64 мекемесінде жұмысшылардың құқығын қамтамасыз ету бойынша меморандумдарға қол қойылды – әкімдік
Жамбыл облысында өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында 19756 жұмысшыны қамтитын 64 ұйымдарда меморандумдарға қол қойылды. Оның 19-ы жұмысшылар саны 16783 ірі кәсіпорындар, 45-і жұмысшылар саны 2973 орта және шағын кәсіпорындар.
10.02.2015
Астанада ашық деректердің ұлттық стратегиясы талқыланды
Бүгін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да ашық деректер мәселелері бойынша семинар өткізілді. Шетел эксперттері ашық мемлекеттік деректер саясатын қолдану тәжірибесімен бөлісті.