27.09.2016
Е.Досаев: Қазақстанда өңірлер бойынша тұрғын үй көлемін қайта үлестіру қарастырылуда
Қазақстанда өңірлер бойынша тұрғын үй көлемін қайта үлестіру қарастырылуда, деді Үкімет отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев.
27.09.2016
Жылдың соңына дейін Парламентте салық салу туралы заңға өзгерістер енгізуді қарастырады – Бишімбаев
Салық салу және салықтық-кедендік әкімшілікті жетілдіру бойынша заң жобасын биыл Парламентте талқылайтын болады. Сонымен қатар, ҚҚС бойынша есепке қою құны және электронды шот-фактураның міндетті үзіндісіне көшуге өзгерістер енгізіледі, деп ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты.
27.09.2016
Жыл басынан бері жалға беру және несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жоспарының 67 пайызы игерілді
2016 жылдың 9 айында жалға беру және несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жоспарының 67 пайызы игерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.
27.09.2016
Қазақстанда жыл соңына дейін 52 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі
Биыл 88 млрд теңгенің 98 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүзеге асырылуда, деп Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі тамара Дүйсенова мәлім етті.
27.09.2016
Үкімет басшысы ІІМ министріне Алматы облысындағы қылмысты жеке бақылауына алуды тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Алматы облысындағы адам өлтіру қылмысына қатысты мәселені Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жеке бақылауына алуды тапсырды.