29.09.2016
С. Ли: Бір жеке сот орындаушысы республиканың 13 мың тұрғынына қызмет көрсетеді
Қазіргі таңда жеке сот орындаушыларының портфелінде 1 млн 560 мың орындалуы қажет құжат бар, оның ішінде 60 мыңы әлеуметтік маңызды санат бойынша алиментті төлету және еңбекақы қарызын өтеуге бағытталған құжаттар. Бұл туралы Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының басқарма төрағасы Сергей Ли Астанада жеке сот орындаушыларының мәселесіне қатысты өткен халықаралық конференция барысында айтты.
29.09.2016
Қазақстан мен Иран арасында саяси консультациялар өтті – ҚР СІМ
Тегеранда Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрлігінің арасында саяси консультациялар өтті.
29.09.2016
Т. Дүйсенова: Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға барша азаматтар қызығушылық танытуы керек
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (әрі қарай – МӘМС) енгізу мәселелері бойынша аймақтық штаб мүшелері үшін қорытынды семинар өткізді. Селекторлық тәртіпте ҚР ДСӘДМ басшысы Жамбыл, Ақмола облыстарының, Астана және Алматы қалаларының өкілдерінің сұрақтарына толыққанды түсініктеме берді.
29.09.2016
Мемлекет басшысы қызылордалық жас ертегішіге кітап сыйлады
Қиялы жүйрік, ойынан ертегі құрастыратын Алтынай есімді балғын қыз Қызылордада тұрады. Өскенде ақын, жазушы болуды армандайтын Алтынай Берік 7 жасынан ертегі жазып келеді, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
29.09.2016
ҚР-дағы спутниктік навигация 229,9 млн теңгенің ақпаратын ұсынды
Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ақпараттар мен қызметтерді ұсынудан түскен табысы шамамен 300 млн. теңгені құрады, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.