30.09.2016
ЭКСПО-ға қатысушы елдер павильондардың тақырыптық тұжырымдамасын әзірлеуді жеделдетулері керек – А.Есімов
ЭКСПО-ға қатысушы елдер павильондардың тақырыптық тұжырымдамасын әзірлеуді жеделдетулері керек, деді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық көрмесі» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық миссия басшылармен кездесу барысында.
30.09.2016
Маңғыстау облысында жұмыскерлерге арналған 500 орындық жатақхана салынады (ФОТО)
Маңғыстау облысында жұмыскерлерге арналған 500 орындық жатақхана салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясы барысында облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева баяндады.
30.09.2016
Қазақстан ЭКСПО-2017 ШЫҰ павильонын бірлесіп қалыптастыру туралы меморандум жасады (ФОТО)
Қазақстан ШЫҰ павильонының басқарушы компаниясымен ЭКСПО-2017 ШЫҰ павильонының контенттік бөлігін қалыптастыру міндеттерін шешу бойынша бірлескен әрекеттер қабылдау туралы келісті. Бұл туралы G-Global халықаралық секретариаты, «Еуразиялық жаңа холдинг» ЖШҚ және «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ арасындағы ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қою барысында белгілі болды.
30.09.2016
ИИДМБ: Жыл соңына дейін Маңғыстау облысында жаңа логистикалық орталық іске қосылады
Ағымдағы жылдың соңына дейін Маңғыстау облысында «Azersun Holding» компаниясының логистикалық орталығы пайдалануға беріледі, деп Маңғыстау облыстық индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Қарасаев мәлім етті.
30.09.2016
Мәжіліс терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңға енген түзетулерді қарайды
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспсөз қызметі.