01.10.2016
СҚО-да сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмендеді
СҚО сыбайлас жемқорлық фактiсi бойынша соңғы орында. Мұндай ақпарат СҚО-ның облыстық әкiмдiгiнде ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесте айтылды.
01.10.2016
2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 87 кандидатты тіркеді - ОСК
2016 жылғы 30 қазанда республиканың 30 сайлау округінде болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
01.10.2016
Жамбыл облысы тұрақтандыру қорына Қызылордадан 100 мың тонна күріш сатып алады
Әлеуметтік маңызды тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін Жамбыл мен Қызылорда облыстарындағы тұрақтандыру қорлары бірлесе жұмыс атқармақ, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
01.10.2016
Ақмола облысы сыйымдылығы 70 мың тоннадан астам екі элеватор салынуда
Жарқайың ауданында астық науқанын ысырапсыз жинау мақсатында жаңа екі бірдей элеватор салынып тағы бірі қайта құрылуда. Бұл туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы хабарлады.
01.10.2016
Қазақстанда ғарыш техникасының отандық үлгілерін әзірлеу бойынша ғылыми жобалар сәтті іске асуда
Салалық ғылыми-зерттеулер мен конструкторлық тәжірибе бағдарламасы аясында бірқатар ғарыш техникасының отандық үлгілері мен аппараттық-бағдарламалық құралдар әзірленді. Бұл түпкі қолданушылардың ғарыш жүйенің қызметтері мен өнімдеріне қол жеткізу аясын кеңейту үшін қажет, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.