03.10.2016
ҚР Премьер-Министрі ҚР-да визалық және миграциялық тәртіпті жақсарту бойынша кеңес өткізді
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстандағы визалық және миграциялық тәртіпті одан әрі жақсарту мәселелері жөнінде кеңес өтті.
03.10.2016
Е.Бөлегенов: Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылында нақты сыртқы саяси басымдылықтарды қалыптастырды
Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылында жоспарлау саясаты мен ұзақмерзімді даму және экономикалық өсімді, нақты сыртқы саяси басымдылықтарды қалыптастырды.Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Беларусь Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Ерғали Бөлегенов мәлімдеді.
03.10.2016
Қазақстанда ауылдық жастарды оқытуға 7 млрд теңге бөлінеді (ФОТО)
Қазақстанда ауылдық жастарды оқытуға 7 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Жастар істері жөніндегі комитет төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Астанада өткен «Жастар саясатын жүзеге асыру мен қалыптастырудың ерекшеліктері» халықаралық ғылыми-конференциясы барысында айтты.
03.10.2016
Халықаралық бейбітшілік бюросының Конгресіне қатысушылар ҚР-ның ядроға қарсы саясатын қолдады
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерболат Сембаев Берлиндегі «Бейбітшілік пен табиғатты сақтау үшін қарусыздандыру» тақырыбына өткен Халықаралық бейбітшілік бюросының (IPB) Дүниежүзілік конгресінің жұмысына қатысты», деп хабарлады ҚР СІМ.
03.10.2016
Ақтөбеде шетелдік хирургтер 35 ота жасайды
Ақтөбеде алдағы 4 күнде шетелдік хирургтердің қатысуымен 3D технология арқылы 35 күрделі ота жасалады, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.