05.10.2016
ҰҚК: Қазақстанда лаңкестiкке дайындалған 7 радикалды топтың жол кесілді
Қазақстанда лаңкестiк акт дайындаған 7 радикалды топ пен 4 адамның жолы кесiлдi. Бұл туралы бүгiн ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында мәлiмдедi.
05.10.2016
Мәжіліс экстремизм мен терроризмге қарсы күрес туралы заңнамаға енген өзгертулерді мақұлдады
Парламент Мәжілісінің депутаттары экстремизм мен терроризмге қарсы күрес туралы заңнамаға енген өзгертулерді мақұлдады.
05.10.2016
Екібастұздағы электр станциясы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тапсырылады
Екібастұз – Шүлбі электр станциясының құрылысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай алдын ала тапсырылады, деді Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
05.10.2016
«Бәйтерек» холдингі экспортқа бағдарланған компанияларға қолдау шараларын күшейтуді ұсынады
«Бәйтерек» холдингі экспортқа шығатын компанияларға қолдау шараларын күшейтуді ұсынады. Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова ҚР Үкіметінің отырысында айтты.
05.10.2016
Ақтөбе облысының 3,4 мыңнан астам тұрғыны «Әлеуметтік проблемаларды шешу» акциясы аясында медициналық тексеруден өтті
Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Әлеуметтік проблемаларды шешу» Республикалық акциясының аясында Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғындарына 3,4 мыңнан астам медициналық тексеру жасалып, оның ішінде 1329 адам Астана және Алматы қалаларының ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттары мамандарының кеңесін алды.