06.10.2016
Индонезия СҚО-мен ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтасуға қызығушылық танытып отыр
Индонезия елшiсi Фостер Гултом «Kyzylzhar Invest 2016» халықаралық форумына қатысу үшiн Солтүстiк Қазақстан облысына келдi, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
06.10.2016
ОСК: Қазақстанда мәслихат депутаттығына кандидаттарды насихаттау кампаниясы басталды
2016 жылғы 30 қазанда республиканың 30 сайлау округінде болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды. Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттар ретінде барлығы 96 адамды тіркеді.
06.10.2016
Варшава қор биржасы АХҚО-мен ынтымақтастық жасауға қызығушылық білдіруде
Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев Варшава қор биржасының (ВҚБ) президенті Малгожата Залескамен кездесіп, Астана халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастық болашағын талқылады және АХҚО мен ВҚБ арасындағы ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумның күшіне енуі туралы құжатты тапсырды.
06.10.2016
Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштарды өндіретін жаңа кешен салынады
Әлемдегі жетекші агрохимиялық компаниялардың бірі саналатын EuroChem Group AG (ары қарай «ЕуроХим» немесе «Топ») өзінің Қазақстандағы «ЕуроХим-Қаратау» еншілес кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен және Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы әкімдігімен бірге Өзара түсіністік және серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды.
06.10.2016
Ақмолалық туристік компаниялар халықаралық көрмеде жүзден астам келісімшарт жасады
Ақмола облысының туристтік компаниялары Астана қаласында өткен «Astana Leisure 2016» халықаралық туристтік көрмесіне қатысты. Бұл туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы хабарлады.