07.10.2016
ОСК-да мәслихаттарға кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртіптері түсіндірілді
Қазіргі уақытта ағымдағы жылғы 30 қазанда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау болатын 30 сайлау округінде кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті жүріп жатыр, деп хабарлады ОСК.
07.10.2016
Астанада Қазақстан-Мажарстан бизнес форумы өтеді
Астанада 2016 жылғы 17 қазанда екі тараптың ресми тұлғалары мен іскерлік топтарының қатысуымен қазақстан-мажарстан бизнес форумы өтеді, деп хабарлайды «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ.
07.10.2016
Н.Назарбаев республикалық бюджет туралы заңға енген өзгертулерді мақұлдады
Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға бағаланған «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
07.10.2016
Елбасы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы 2016 жылға арналған кепілдендірілген трансферт көлемін түзетуге бағытталған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 – 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
07.10.2016
Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ж.Қ.Түймебаевты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.