10.10.2016
ҚР Қаржы министрлігі: Қазақстанда 2,7 трлн теңге жария етілді
Мүлікті жария ету акциясының соңына дейін үш ай қалды. 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 2,7 трлн теңге жария етілді, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің отырысында.
10.10.2016
Б.Сұлтанов: 2016 жылы 7,1 млрд теңгенің 67 нысаны жекешелендірілді
1 қазандағы жағдайда жекешелендірудің «екінші толқыны» бойынша 86,6 млрд теңгенің 315 нысаны жекешелендірілді. 2016 жылы 7,1 млрд теңгенің 67 нысаны жекешелендірілді, деді Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
10.10.2016
Әлемнің 30-дан астам елі ЕАЭО-мен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Бүгінгі таңда әлемнің 30-дан астам елі ЕАЭО-мен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі, деді Мәжілістегі Үкімет сағатында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
10.10.2016
Т.Дүйсенова: Атырау облысының босатылған жұмысшылары ТШО және ЖЖК арқылы жұмысқа орналастырылады
Атырау облысындағы мұнай сервисі кәсіпорындарындағы жұмысшылар босатылған жағдайда оларды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін «Теңгізшевройл» (ТШО) қол қойылған меморандумдар, сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» тетіктері қолданылады, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметінің отырысы барысында.
10.10.2016
Е.Ыдырысов: Қазақстанға құйылатын шетелдік инвестициялар ағыны жарты жылда 5 есеге артты
Қазақстанға құйылатын шетелдік инвестициялар ағыны жарты жылда 5 есеге артып, 5,7 млрд АҚШ долларын құрады, деді Мәжілістегі Үкімет сағатында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.