11.10.2016
Қазақстан 2017 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 48 елге визасыз тәртіп енгізеді
2017 жылдың қаңтарынан бастап экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері мен 14 экономикалық дамыған және саяси тұрақты мемлекеттер үшін визасыз тәртіп енгізіледі (барлығы 48 мемлекет). Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтқан еді.
11.10.2016
Қостанай облысында жекешелендіру аясында 9 нысан бәсекелестік ортаға берілді
Қостанай облысында жекешелендіру аясында жоспарланған 20 нысанның 16-сы сатылымға берілді, оның ішінде 226,7 млн теңгенің 9 нысаны бәсекелестік ортаға берілді, деді аппараттық кеңесте қаржы басқармасының жетекшісі Сәуле Аймұхамбетова.
11.10.2016
Жапония ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ұлттық павильонын безендіруге әзір
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабатамен кездесті, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
11.10.2016
Қ.Тоқаев пен БҰҰ өкілі ВИЧ/СПИД-пен күрес мәселелерін талқылады
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ВИЧ/СПИД жөніндегі Арнаулы өкілі Мишель Казачкинді қабылдады, деп хабарлады Сенат.
11.10.2016
Қазақстанда жиналған барлық ҚТҚ массасы 100 млн. тоннаны құрайды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, депутат Майра Айсинаның жетекшілігімен Қазақстандағы қалдықтарды басқарудың қазіргі жағдайы және келешегі, оларды модернизациялау жайы талқыланды.