12.10.2016
Мәжіліс Париж келісімін ратификациялауды мақұлдады
ҚР Парламентінің Мәжілісі пленарлық отырыс барысында тұрақты даму және кедейлікті жоюға күш салу түпмәтінінде климаттың өзгеру қаупіне қатысты жаһандық әрекет етуді нығайтуға бағытталған «Париж келісімін ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады.
12.10.2016
АИТВ бар адамдарды РҚЕ-терапиясымен қамту көрсеткіші 2015 жылы 79%-ды құрады
15-49 жас аралығындағы тұрғындардың ішінде АИТВ инфекциясының таралуы» Жаһандық бәсекелестік индексінің көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде Қазақстан 0,18% көрсеткішімен алғашқы орындағы елдер тобының қатарына кіреді. Бұл туралы Алматыда «АИТВ: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында өткен бірінші Ұлттық конференциясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
12.10.2016
Қазақстан мен Сауд Арабиясы тікелей инвестициялық аграрлық қор құрады
Елбасының тапсырмасы бойынша Президенттің қазан айында өтетін ресми сапарын даярлау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов Сауд Арабиясында бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
12.10.2016
ҚР АШМ: Үш жыл ішінде мал айдау жайылымдарында 1 мыңнан астам құдық салынған
Үш жыл ішінде мал айдау жайылымдарында 4 млрд теңгеден астам сомаға 1 мың 377 құдық салынған, деп хабарлады ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында.
12.10.2016
Мәжілісте жайылымдарды пайдалану туралы заңға енген өзгертулер мақұлданды
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қабылданды.