12.10.2016
Н.Назарбаев: Биылғы науқан нәтижесін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту деп бағалауға болады
Мемлекет басшысы астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты еліміздің агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлеріне құттықтау жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
12.10.2016
Кентау трансформатор зауытының экспорт көлемі биыл 40 пайызға көтерілді
Кентау трансформатор зауыты Қазақстанда тұңғыш рет 80 мегаваттық трансформаторды құрастырып шығарды. Зауыттың экспорт көлемі биыл 40 пайызға көтерілді.
12.10.2016
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жұмысқа орналастыру бағдарламалары әзірленді
«Жастар» сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесіне 43 ұйым қатысты. Жұмыссыз жүрген мүмкіндігі шектеулі жандарға мейірбике, санитар, механик, байланыс жөніндегі маман және т.б. мамандықтар бойынша бос орындар ұсынылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
12.10.2016
Павлодар облысының ауылдарында жыл басынан бері 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Ағымдағы жылдың басынан бері ауылдарда 5,4 мың жаңа жұмыс орындары құрылды, олардың 28,1%-ы тұрақты жұмыс орындары, деп хабарлады облыс әкімдігі.
12.10.2016
15:30 – ҚР халқының салық мәдениетін қалыптастыру туралы баспасөз мәслихатының онлайн көрсетілімі
Бүгін, 12 қазан 15:30-да ҚР халқының салық мәдениетін қалыптастыру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.