13.10.2016
Қазақстан мен Қытай халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат жүйесін құрды
Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің жанындағы көлік ынтымақтастығы жөніндегі кіші Комитетінің оныншы отырысы барысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Көлік министрлігі арасында халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат жүйесін құру туралы Хаттамаға қол қойылды.
13.10.2016
Ақтөбе облысының 8,6 мыңнан астам тұрғыны медициналық тексеріспен қамтылды - ДСӘДМ
Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Әлеуметтік проблемаларды шешу» Республикалық акциясының аясында Ақтөбе облысы Алға, Қандыағаш, Шалқар аудандарының тұрғындарына 8,6 мыңнан астам медициналық тексеру жасалды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
13.10.2016
Қарағандыда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды (ФОТО)
Қарағандыда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды.Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Қарағанды облысына барған жұмыс сапары кезінде мәлімдеді.
13.10.2016
Қарағанды облысында өңдеу өнеркәсібінде шығарылатын өнімнің көлемі 5,5 пайызға көбейді
Қарағанды облысында өңдеу өнеркәсібінде шығарылатын өнімнің көлемі 5,5 пайызға көбейді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Қарағанды облысына барған жұмыс сапары кезінде анықталды.
13.10.2016
15:30 – баламалы энергетика саласындағы стартап-жобалардың халықаралық конкурсы туралы баспасөз мәслихатының онлайн көрсетілімі
Бүгін, 13 қазан 15:30-да жаңартылатын және баламалы энергетика саласындағы стартап-жобалардың халықаралық конкурсына– #NEWENERGY global startup fest арналған баспасөз конференциясы өтеді