14.10.2016
ОҚО-да «Ырыс» қаржы ұйымы арқылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы аясында 1 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
ОҚО-да «Ырыс» қаржы ұйымы арқылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы аясында 1 мыңнан астам жоба қаржыландырылған.Бұл туралы бүгін ОҚО аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингінде мемлекеттік «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында өңіріміздегі «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Хилола Назарметова мәлімдеді.
14.10.2016
Ақтау құбыр кескіш зауыты жылына 45 тонна болат құбырын өндіреді
Ақтау қаласында Тенарис компаниясының жаңа құбыр кескіш зауытының таныстырылымы және операциялық іске қосу шарасы өткізілді, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
14.10.2016
«Нұрлы жол» бағдарламасының 11 автожол жобасының құрылысы мен жөнделуі мерзімінде аяқталады – ҚР ИДМ (ФОТОРЕПОРТАЖ)
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының 11 көлік жолы жобаларының 2016 жылға арналған бюджеті 330 млрд теңгені құрайды, соның ішінде 7 ай ішінде 150 млрд теңгеге жуығы игерілген, жыл соңына дейін қаражат толық көлемде игеріледі. Бұл жөнінде Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің кезекті отырысы барысында хабарлады.
14.10.2016
175 студент дуальді оқыту бойынша Жамбыл политехникалық колледжіне оқуға қабылданды
2016-2017оқу жылы 175 студент мемлекеттік тапсырыс негізінде дуальді оқыту бойынша оқуға қабылданды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл политехникалық колледжінің директоры Орынбаева Жанар Рымбекқызы айтып өтті.
14.10.2016
10:00 – Астанадағы Қостанай облысының күндері туралы баспасөз мәслихатының онлайн көрсетілімі
Бүгін, 14 қазан 10:00-де ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюканың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.