15.10.2016
ҚР Премьер-Министрі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған делегация ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
15.10.2016
Парижде Алматының 1000 жылдығын кеңінен атап өтті
Парижде ЮНЕСКО штаб пәтерінде Алматы қаласының 1000 жылдығын кеңінен атап өтті. Францияның астанасында қазақ халқының тарихынан сыр шертетін ғасырлық бұйымдар мен бірегей артефактар қойылған көрме өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.
14.10.2016
Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауылдық емхана ашылады
Жамбыл облысында а Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауылдық емхана ашылады. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Байзақ ауданының әкімі Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлы баяндады.
14.10.2016
ҚР ДСӘДМ кейбір функциялары бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріледі
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі клиникалық хаттамаларды және стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ оларды жалпы медициналық практикаға енгізу бойынша функциялары кезең-кезеңмен бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріледі. Бұл туралы бүгін Қазақстанда кәсіби медициналық қауымдастықтарды дамыту мәселері бойынша селекторлық тәртіпте өткен дөңгелек стол отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
14.10.2016
Астанада 40-тан астам донор жыл сайын өтеусіз қан тапсырады
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының деректеріне сәйкес, Астанада жылына 40-тан астам донация жүзеге асырылады. Соңғы бес жыл ішінде өтеусіз қан тапсыратын донорлардың саны тұрақты түрде ұлғайған. Астаналық қан орталығына күніне 100-ге жуық адам келеді, деді донор кадрларды жиынтықтау бөлімшесінің меңгерушісі Светлана Скорикова.