18.10.2016
ҚДБ Қазақстандағы сумен жабдықтау жөніндегі МЖӘ жобаларын қаржыландыруға дайын
Сумен қамтамасыз етудің және су тартудың жаңа желілерінің құрылысы – бұл мемлекетте қалуы тиіс бөлік, сондықтан, Қазақстанның даму банкі осыған қатысты МЖӘ жобаларын қаржыландыруға дайын, деп мәлімдеді ҚДБ төрағасы Болат Жәмішев ҚР Үкіметінің отырысы барысында.
18.10.2016
АШМ: Жыл соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады (ФОТО)
Жыл соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады, олар 100 сүт қабылдау пункті мен 2 мың отбасылық қоректендіру алаңын біріктіреді, деді Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкімет отырысында.
18.10.2016
ҚР ҰЭМ өңірлік су арналарын бірыңғай операторға беруді ұсынады
Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев ҚР Үкіметінің отырысы барысында Қазақстан азаматтарын ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы, сондай-ақ еліміздегі сумен жабдықтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар шаралар туралы айтты.
18.10.2016
Ж.Қасымбек: Қазақстанда 1877 елді мекен жерасты су қорларымен қамтамасыз етілді (ФОТО)
Қазақстанда 1877 елді мекен жерасты су қорларымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған Үкімет отырысында айтты.
18.10.2016
11:30 – «Мисс Қазақстан-2016» ұлттық байқауы туралы баспасөз мәслихатының онлайн көрсетілімі
Бүгін, 18 қазан 11:30-да «Мисс Қазақстан-2016» ұлттық байқауын 20-шы рет ұйымдастыру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.