18.10.2016
Қазақстанда ескі автокөліктерді кәдеге жарату жөніндегі бағдарлама басталды
Қазақстанда ескі автокөліктерді кәдеге жарату жөніндегі бағдарлама басталды, деді ОКҚ мәслихатында «Оператор РОП» ЖШС атқарушы директоры Рүстем Темірбек.
18.10.2016
Сенатта терроризм және экстремизммен күрес мәселесі талқыланды
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен терроризм және экстремизммен күрес мәселесі талқыланды.
18.10.2016
600-ден астам арнайы мектептің медпункттерін білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру жоспарлануда
Мәжіліс депутаттары заңға мектеп медицинасын білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру туралы толықтырулар енгізуде. ДСӘДМ БҒМ-мен бірлесіп, 601 мамандандырылған оқу ұйымын ведомстволар арасында қосымша бөлмек, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобы отырысының барысында.
18.10.2016
Қосымша дактилоскопиялық тіркеу жалған құжаттарды жасаудан қорғайды – ІІМ (ФОТО)
Қосымша дактилоскопиялық тіркеу жалған құжаттарды жасаудан қорғайды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Серік Сайынұлы мәлімдеді.
18.10.2016
Польшалық туроператорлар «ЭКСПО-2017» көрмесінің жобасымен танысты
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы және Қазақстанның Польшадағы Елшілігі 50 мыңнан астам әлеуетті турист қатысқан Еуропаның ең ірі туристік көрмелерінің бірі - «World Travel Show» халықаралық туристік көрмесіне қатысты.