19.10.2016
Мәжіліс Байқоңырдағы қосарланған салық салуды алып тастау туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент Мәжілісі «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады.
19.10.2016
ОҚО-да жыл басынан бері 574,2 млрд теңгенің өндірістік өнімі шығарылды
Өнеркәсіп өнімінің көлемі тоғыз айда 4,9 пайызға артып, 574,2 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
19.10.2016
Қазақстанда қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге өтемақы төленеді
Қазақстанда қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге өтемақы төленеді. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры» заң жобасын таныстыруға арналған жалпы отырыста айтты.
19.10.2016
Н. Нығматулин: Заң жобалары барлық қазақстандықтарға түсінікті болуы тиіс
Заң жобалары, атауынан бастап мазмұнына дейін, барлық азаматтарға түсінікті болуы тиіс. Бастысы, заңдар адамдар үшін жазылуы қажет, деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин төменгі палатаның пленарлық отырысында.
19.10.2016
11:30 – білім беру мекемелерінде діни киімді кию туралы баспасөз мәслихатының онлайн көрсетілімі
Бүгін, 19 қазанда 11:30-да білім беру мекемелерінде діни киімді кию туралы баспасөз мәслихаты өтеді.