20.10.2016
ҰЭМ: Екі автожол жобасын жүзеге асыру үшін МҚО-дан 147,8 млрд теңге қарыз тартылды
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» және Бейнеу-Ақтау жобасын жүзеге асыру үшін МҚО-дан 147,8 млрд теңге қарыз тартылды, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
20.10.2016
Н. Жолдасбеков: Сотқа өмірлік тәжірибесі бар дайын адамдар келуі тиіс (ВИДЕО)
«100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде, № 17 қадамға сәйкес судья болуға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары бір жылдық тағылымдама мен сынақ мерзімінен өту арқылы қатаңдатылады, деді ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Нұржан Жолдасбеков Strategy2050.kz АА берген сұхбаты барысында.
20.10.2016
Мемлекеттік қызметтегі конкурстан тыс тағайындаулар 25 есе қысқарған – Шаимова
Мемлекеттік қызметте ауыстыру арқылы конкурстан тыс тағайындаулар 25 есе қысқарған, деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «100 нақты қадам» ұлт жоспарының Мемлекеттік аппаратты жаңарту атты І бағытын іске асыру туралы баспасөз конференциясы барысында.
20.10.2016
М.Құл-Мұхаммед: 230-дан астам комиссия «Нұрлы жол» бағдарламасының шығындарын бақылап отырады
Елбасы «Нұр Отан» партиясына аталмыш бағдарламаға бөлінген қаржыны ауылдық деңгейден республикалық деңгейге дейін бақылап отыруды тапсырған болатын. Бұл бағытта республикада 231 комиссия жұмыс істейді. 400 нысанға мониторинг жүргізіліп отыр, деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед.
20.10.2016
Қазақстанның транзиттік жүк тасымалдаушыларына Украина 50% жеңілдік жасайды
Украинаның Инфрақұрылым министрлігі Қазақстанның транзиттік жүк тасымалдайтын кемелері үшін «Укрзализныця» ЖАҚ ұсынған жеңілдіктерге қосымша, порттық алымдарға 50% жеңілдік жасауға дайынбыз деп ақпараттандырды, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.