21.10.2016
Д. Абаев: Ұлттық бренд байқауына жұмсалатын шығыстардың жалпы сомасы 8 млн теңгеден аспайды
«Қазақстан Республикасының ұлттық брендін» анықтау бойынша республикалық байқауға жұмсалатын шығыстардың жалпы сомасы 8 млн теңгеден аспайды, барлық шығыстарды «Қазконтент» акционерлік қоғамы өтейді, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ОКҚ баспасөз конференциясы барысында.
21.10.2016
Хельсинкиде Н.Нығматулин Финляндиядағы ірі бизнес өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндияға ресми сапары барысында өндірісшілер конфедерациясы, финдік экспортқа ықпалдастық, технология мен инновацияны қаржыландыру жөніндегі өкілдермен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
21.10.2016
Н.Назарбаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері өзара қарым-қатынастың қарқынды дамуын талқылады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Абу Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
21.10.2016
15:00 – ҚР ұлттық брендін анықтау бойынша байқау өткізу туралы баспасөз конференциясының онлайн көрсетілімі
Бүгін, 21 қазан 15:00-да Қазақстан Республикасының ұлттық брендін анықтау бойынша байқау өткізуге арналған баспасөз конференциясы өтеді.
21.10.2016
Ақмола облысында 5,6 млн тоннадан астам астық жиналды
Ақмола облысында 5,6 млн тоннадан астам дәнді және бұршақ дақылдары жиналды, деп хабарлады өңір әкімдігі.