25.10.2016
Қазақстан өңірлеріндегі тұрғын үй құрылысына 38 млрд теңгенің құнды қағаздары шығарылды – Қаржы министрлігі
Қазақстан өңірлерінде тұрғын үй құрылысы үшін жергілікті органдар 38 млрд теңгенің құнды қағазын шығарды, деді 2016 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджеттің орындалуы қорытындысына арналған Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
25.10.2016
Бюджет қызметкерлерінің жалақысына жұмсалған шығыстар 9 ай ішінде 1 трлн теңгені құрады – ҚР ҚМ
Бюджет саласының қызметкерлеріне жалақы төлеуге жұмсалған шығыстар 18%-ға өсіп, 1 трлн теңгені құрады, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов «2016 жылғы 9 ай ішінде мемлекеттік бюджетті атқару қорытындылары туралы» мәселесі бойынша ҚР Үкіметінің отырысында.
25.10.2016
Б.Сұлтанов: 9 айдың ішінде мемлекеттік бюджетке түскен кіріс мөлшерден 1 трлн теңгеге асып түсті
9 айдың ішінде мемлекеттік бюджетке түскен кіріс мөлшерден 1 трлн теңгеге асып түсті, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің отырысында.
25.10.2016
Қазақстанның ЖІӨ-сі 2016 жылғы 9 ай ішінде 0,4%-ға өсті
2016 жылғы 9 ай ішінде ЖІӨ өсімі 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ды құрады. Тауарлар өндірісі - 0,2%-ға, көрсетілетін қызметтер өндірісі 0,4%-ға ұлғайды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев ҚР Үкіметінің отырысы барысында хабарлады.
25.10.2016
Қазақстанда ауылшаруашылық өндірісі субъектілеріне арналған геопорталы әзірленді және іске қосылды
Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ («ҰҒЗТО» АҚ) спутниктік және жерүсті мониторингі, Жерді қашықтықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер деректерін пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы аумағындағы құрғақшылықтың, құрғақшылық процестерінің мониторингі және оларды талдауға арналған геопортал әзірленді және іске қосылды.