25.10.2016
Қазақстанда 2016 жылдың 9 айында инфляция деңгейі 5,6 пайызды құрады
Қазақстанда инфляция деңгейі жоспарланған 6% және 8 пайыз дәлізінде тұр, 9 ай бойынша 5,6 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.
25.10.2016
Жыл басынан бері мүлік пен ақша қаражатын жария ету 2,8 трлн теңгені құрады - Сұлтанов
Жыл басынан бері мүлік пен ақша қаражатын жария ету 2,8 трлн теңгені, соның ішінде ақшалай 2 трлн теңгені құраған, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов «2016 жылғы 9 ай ішінде мемлекеттік бюджетті атқару қорытындылары туралы» мәселесі бойынша ҚР Үкіметінің отырысында.
25.10.2016
Қ.Бишімбаев: Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарып келеді
Жалпы, 2016 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштері оңтайланды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.
25.10.2016
«Нұрлы жол» қаражаты жылдық көлемнен 70%-ға игерілген
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 9 ай ішінде жылдық көлемнің 70%-ға жуығы пайдаланылған, деді ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов «2016 жылғы 9 ай ішінде мемлекеттік бюджетті атқару қорытындылары туралы» мәселесі бойынша ҚР Үкіметінің отырысында.
25.10.2016
ҰЭМ: 2016 жылдың 9 айында шетелдік инвестициялар ағыны 4,1 пайызға өсті
2016 жылдың 9 айында шетелдік инвестициялар ағыны 4,1 пайызға көбейді, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында.