25.10.2016
Астанада Ақмола облысының күндері өтеді
29-30 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» акциясы аясында Ақмола облысының күндері өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
25.10.2016
Мемлекеттік академиялық филармонияның музыканттары Нью-Йоркте Карнеги Холл сахнасында өнер көрсетеді
Мемлекеттік академиялық филармонияның музыканттары Нью-Йоркте Карнеги Холл сахнасында өнер көрсетеді, деп хабарлады Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.
25.10.2016
Қазақстан мен Сауд Арабиясы сотталған адамдарды ұстап беру туралы шарт жасасты
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Эр-Риядқа ресми сапары аясында Сауд Арабиясы Корольдігімен қылмыскерлерді ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы мемлекетаралық шарттар жасалды.
25.10.2016
ОҚО-ның Қазығұрт ауданында 16 елді мекен табиғи газға қосылды
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазығұрт ауданында газдандыру жұмыстары қарқын алуда. Соның бір айғағы ретінде таяуда 4,5 мыңға жуық халқы бар Шарбұлақ ауылдық округі тұрғындарының шаңырақтарын көгілдір отынға жалғаудың салтанатты жиыны өтті.
25.10.2016
«Нұрлы жол» Қазақстанда жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің басты ынталандырмасына айналды
«Нұрлы жол» бағдарламасы әлемдік экономиканың өсуінің бәсеңдеуі және экспорттық тауарларға бағалардың төмендеуі жағдайларында іскерлік белсенділікті қолдаудың және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің басты ынталандырмасына айналды, деді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев.