26.10.2016
Мәжіліс салық салу және кедендік әкімшілендіру заң жобасына енген өзгертулерді мақұлдады
Мәжілістің бірінші оқылымында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы мақұлданды.
26.10.2016
Б.Сағынтаев пен Ф.Беннетт Қазақстан мен ЕҚДБ-нің алдағы ынтымақтастығы перспективаларын талқылады
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Бірінші вице-президенті Фил Беннетпен кездесті.
26.10.2016
Ақмола облысының Жақсы ауданындағы жолдарды жөндеуге 60 млн теңгеден астам қаражат бөлінген (ФОТО)
Ақмола облысының Жақсы ауданында «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу бойынша 9 жоба іске асырылды, деп хабарлады аудан әкімі Қанат Сүйіндіков өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
26.10.2016
Ұлттық экономика министрі 2020 жылдан бастап кірістерді жалпыға ортақ декларациялауға көшу туралы пікір айтты
Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев 2020 жылдан бастап жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға ортақ декларациялауға көшу туралы пікір айтты.
26.10.2016
ҚР пенитенциарлық жүйесінің 300-ден астам қызметкері пробация туралы заңның қабылдану аясында оқудан өтеді (ФОТО)
«Қазақстандағы қылмыстық әділеттілікті жетілдіру» еуропалық одақ жобасының қолдауымен республиканың пенитенциарлық жүйесінің 300-ден астам қызметкері «Пробация туралы» ҚР Заңының қабылдануы тұрғысында оқудан өтуде, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.