27.10.2016
Сенат ҚР мен РФ арасындағы резиденттікті растайтын келісімді мақұлдады (ФОТО)
Сенат «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына енген өзгертулерді мақұлдады.
27.10.2016
А.Есімов: «Таза» энергияға қол жеткізу – адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі
«Таза» энергияға қол жеткізу – адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі, деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Жасыл экономика – болашақтың жаңа энергиясы» #NEWENERGY стартап фестивалінің панельдік сессиясы барысында.
27.10.2016
5 үздік стартап-жоба инвесторлардан қаржылай көмек алады (ФОТО)
Астанада өз технологияларын таныстыру және ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылатын 30 үздік жоба арасынан орын алуға сайысқа түсу үшін 37 елден 100 стартап-жоба жиналды.
27.10.2016
Энергетика министрлігі Қашағанда 2017 жылы 4-тен 7 млн тоннаға дейін мұнай өндірілетінін болжап отыр
Қашағанда 2017 жылы 4-тен 7 млн тоннаға дейін мұнай өндірілетіні болжануда, деді Парламент Сенатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
27.10.2016
Сенат Парниктік газдардың шығарылымын қысқарту жөніндегі париж келісімін ратификациялады
ҚР Парламенті Сенатының отырысы барысында депутаттар ҚР Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Париж келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдады.