28.10.2016
Мемлекеттік қызметшілерді бағалау әдістемесі әр қызметші еңбегінің объективті нәтижелерін көрсетуі тиіс – Қожамжаров
Мемлекеттік қызметшілерді бағалау әдістемесі қолдануда қарапайым болуы және әр қызметші еңбегінің объективті нәтижелерін көрсетуі тиіс, деді Агенттік төрағасы Қайрат Қожамжаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің кеңейтілген отырысы барысында.
28.10.2016
ШҚО-ның тұрақтандыру қорына 5700 тонна көкөніс сатып алынды
Облыстық тұрақтандыру қорына 220 млн теңгені құрайтын 5700 көкөніс өнімі сатып алынды. ШҚО Қоғамдық кеңесі тауарды сату барысына бақылау жүргізетін болады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
28.10.2016
Ә.Жақсыбеков министрліктердің штатын қысқартуды ұсынды
ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков министрліктердің штатын қысқартуды Мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің кеңейтілген отырысында ұсынды.
28.10.2016
ШҚО-да жыл соңына дейін 16 облыстық жол учаскесі жөнделеді
ШҚО-да 3,5 млрд теңгеге облыстық жолдың 16 учаскесі жыл соңына дейін жөнделеді, деді облыстық әкімдік отырысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Берік Бейсекенов.
28.10.2016
Жамбыл облысында 127 мың адам шағын және орта бизнеспен айналысады
Жамбыл облысында 127 мың адам шағын және орта бизнеспен айналысады, деп хабарлады облыс әкімдігі.