28.10.2016
ШҚО-да пациенттердің дәрігерлермен өзара іс-қимылының инновациялық сайты іске қосылды
Шығыс Қазақстанның кез келген клиникасының пациенті өзі таңдаған дәрігерден консультация мен емді қашықтықтан ала алады, бұл жөнінде жаңа инновациялық жоба – Өскемендегі PHR.kz интернет-порталымен таныстыру барысында айтылды.
28.10.2016
И.Тасмағамбетов Универсиада-2017 нысандарының әзірлігін бағалады (ФОТО)
Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Иманғали Тасмағамбетов алдағы Халықаралық студенттік сайыстардың өткізілуіне Алматы қаласы мен Алматы облысындағы нысандардың әзірлігін тексерді.
28.10.2016
Г.Әбдіқалықова: Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы халықаралық саясатқа жаңа стандарт әкелді
Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы халықаралық саясатқа жаңа стандарт сыйлады, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова «Н.Назарбаевтың моделі: келісім мен бейбітшіліктің 25 жылы» ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумында.
28.10.2016
ҰЭМ: Қазақстанда 1,1 трлн теңге болатын 274 жоба жүзеге асырылып жатыр (ФОТО)
Қазақстанда 1,1 трлн теңге болатын 274 жоба жүзеге асырылып жатыр, деді Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ҰЭМ «Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Шолпан Сапарғали.
28.10.2016
Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету талқыланды
Астана қаласының әкімдігінде Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалық етуімен «EXPO-2017»халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі сараптамалық жұмыс тобының отырысы өтті.