28.10.2016
2016 жылы ТМД елдері темір жол желілеріндегі жүк тасымалдау көлемі 1 млрд тоннаға жеткізілді
2016 жылы ТМД елдері темір жол желілеріндегі жүк тасымалдау көлемі 1 млрд тоннаға жеткізілді, деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев Таллиндегі Достастыққа қатысушы елдердің Темір жол әкімшілігі кеңесінің 65- отырысында.
28.10.2016
KAZ Minerals 9 айда 97,1 мың тонна мыс өндірді
2016 жылдың 9 айында KAZ Minerals Тобы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемін 66%-ға арттырып, катод эквивалентіндегі 97,1 мың тонна мыс өндірген, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
28.10.2016
Астанада халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлерін марапаттады
Бейбітшілік және келісім сарайында (Астана қ.) жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін ҚР әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күніне арналған салтанатты шара өтті. Оның барысында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» республикалық байқауының жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жиналған қауымның алдында қазақстандық эстрада жұлдыздары өз өнерлерін көрсетті.
28.10.2016
Сенаторлар әлеуметтік жобалардың республикалық көрмесінде болды
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Ақан Бижанов пен Әли Бектаев Шымкентте өтіп жатқан «2016 жылы Қазақстанда жүзеге асырылған үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесіне қатысты, деп хабарлады Сенат.
28.10.2016
Баспанаға қолжетімділік «Нұрлы жер» бағдарламасының басымдығы болуы керек– Айдын Құлсейітов
Алдағы жылы жүзеге асырылатын «Нұрлы жер» бағдарламасының негізгі концепциясын нақтылау қажет. Себебі бағдарламаның негізгі концепциясы түсініксіз. Бұл туралы Астанада «Нұрлы жер» тұрғын үй саясаты және оны жүзеге асыру тетіктері» тақырыбында өткен отырыста «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов айтты.