31.10.2016
Талғат Жанжүменов Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
31.10.2016
ОҚО-ның Сарыағаш ауданында 400-ге жуық отбасы таза ауыз сумен қамтылды
Сарыағаш ауданының Ошақты ауылдық округіндегі Саңырау елді мекеніне таза ауыз су берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
31.10.2016
Масс-медианың маңызы әлемдік геосаяси салада артып келеді - СІМ
Армениядағы Қазақстан Елішілігінде Арменияның бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері және бас редакторларымен елші Тимур Оразаевтың кездесуі өткізілді.
31.10.2016
2017 жылдың басында 1900 магистрант ИИДМБ кәсіпорындарында жұмыс істейді
2017 жылдың бірінші тоқсанында алғашқы 1900 магистрант ИИДМБ кәсіпорындарына жұмыс істеуге барады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмед-Заки Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
31.10.2016
Е. Есқалиев: Қазақстан «Жібек жолы» жобасы аясында сапалы транзиттік сервис әзірлеуі тиіс
Қазақстан «Жібек жолы» транзиттік жобасында барынша сапалы сервис жасауы тиіс. Бұл жөнінде «Жібек жолы» халықаралық логистика және бизнес институтының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ерхат Есқалиев «Еуразиялық геосаясат: түйіндесуден ынтымақтастыққа» атты халықаралық конференция барысында айтты.