01.11.2016
Қазақстандық мұнайдың резервтік қорлары 4 млрд 848 млн тоннаны құрайды
Еліміздің мемлекеттік теңгерімінде бүгін 4 млрд 847 млн 540 мың тонна мұнай бар, соның ішінде А, В, С1 бойынша - бұл 3 млрд 158 млн, ал С2 бойынша - 1 млрд 689 млн тонна. Бұл жөнінде ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Үкіметінің кезекті отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
01.11.2016
Премьер-Министр ҚХР-мен темір жолдың транзиттік әлеуетін дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің кезекті отырысында ҚХР-мен темір жолдың транзиттік әлеуетін дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
01.11.2016
Алматы облысында Тәуелсіздік құрметіне 25 балабақша ашылады
«25 жұлдызды күн»! Алматы облысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын осындай ұранмен қарсы алмақ. Аймақта мерейтойлық датаны кең көлемде атап өтудің кешенді жоспары әзірленді.
01.11.2016
Ж. Қасымбек: Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы құрлық көпіріне айналды
2016 жылғы 9 ай ішінде Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша 66 мың контейнер тасымалданған, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңі ішінде тасымалданған жүк көлемінен 2 есе артық, деп хабарлады инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің отырысы барысында.
01.11.2016
Алматыда 31 елдің қатысуымен 6 халықаралық көрме өтеді
Алматыда 2-4 қарашада тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, қаптама және (суық) салалар, сондай-ақ «тазалық» индустриясы мен мейрамхана ісі бойынша алты халықаралық көрме өтеді - WorldFood Kazakhstan 2016, AgroWorld Kazakhstan 2016, KazUpack Kazakhstan 2016, Coldchain Kazakhstan 2016, HOREX 2016 және CleanExpo Kazakhstan 2016.