02.11.2016
Астанада Қазақстан мен Иран арасындағы визалық режимді жеңілдету мүмкіндіктері талқыланды
Астанада Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Иран Ислам Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Хасан Қашқави қатысуымен казақ-ирандық консулдық консультациялардың жетінші кезеңі өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
02.11.2016
«Нұрлы жол»: Ақтөбе облысында 18 млрд теңге жыл соңына дейін игеріледі
Ақтөбе облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 18 млрд теңге 65 жобаны жүзеге асыру барысында игеріледі, деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жетекшісінің орынбасары Жеңісбек Ақбергенов мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жүзеге асыруына арналған кеңесте.
02.11.2016
Қазақстанда 2016 жылдың 10 айында қылмыстылық деңгейі 6 пайызға төмендеді
Қазақстанда 2016 жылдың 10 айында қылмыстылық деңгейі 6 пайызға төмендеген.Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығыда ағымдағы жылдың 10 айындағы қылмыстылық жағдайы туралы ақпарат бойынша және «Қылмыстық құқық бұзушылық картасына» арналған брифингте Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитет Төрайымы Сәуле Айтпаева мәлімдеді.
02.11.2016
И. Тасмағамбетов жоғары оқу орындарының ректоры лауазымына үміткерлерді анықтау бойынша кеңес өткізді (ФОТО)
Қазақстан вице-премьері Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен жоғары оқу орындарының ректоры лауазымына үміткерлерді анықтау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі орынбасарының хатшылығы.
02.11.2016
ОҚО-да тұрғын үй құрылысы мәселесі талқыланды (ФОТО)
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаевтың қатысуымен өңірдегі тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша жиын өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.