03.11.2016
ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі тағайындалды
2016 жылғы 2 қарашадағы №651 Үкімет Қаулысына сәйкес Абзал Нүкенов ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады министрлікте.
03.11.2016
Астана қаласындағы көрмеде Алматы Тәуелсіздіктің қайнарын сипаттайды
5 қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты мультимедиялық көрмесі мен Алматы туралы фотокөрменің ашылуы өтеді, деп хабарлады қала әкімдігі.
03.11.2016
Қазақстанда медициналық мекемелерді аккредиттеу басталды
2016 жылы бұл ерікті шараны өткізуге 180 медициналық мекеме өтінім берді. Аккредиттеуге қалалық, аудандық, ауылдық амбулаторлық-емханалық мекемелер қатысады.
02.11.2016
Қырғызстанда қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды
Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасында Бішкекте өткен ТМД елдерінің қатысушы мемлекеттерінің шығармашыл және ғылыми интеллигенциясының ХІ форумы аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығының ашылуы өтті.
02.11.2016
Астанадан Алматыға енді күніне үш жүрдек пойыз қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2016-2017 жылдарға арналған жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне орай кейбір пойыздардың журу уақыты мен нөмірлеріне өзгерістер енгізгенін хабарлайды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.