03.11.2016
Ө. Шөкеев: «Самұрық-Қазына» қоры 8 жыл ішінде 8 трлн теңгеге жуық салық төледі
Қор 8 жыл ішінде 7,9 трлн теңге салық және басқа да төлемдер төледі, сондай-ақ ҚР Үкіметіне дивидендтер мен басқа да үлестірулер түрінде 716 млрд теңге есептеп, төледі, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
03.11.2016
Егер елде ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жұмыс істемесе, Қазақстан бірқатар мақсаттарға қол жеткізе алмайды – сарапшы
Егер елімізде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң тиісті деңгейде жұмыс істемесе, Қазақстан қандай мақсаттарға қол жеткізе алмайтынын Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығының (ICNL) Орталық Азия бойынша құқықтық ортаны жетілдіру бағдарламасының басшысы Гүлмира Кужукеева айтып берді.
03.11.2016
Астанада медициналық мекемелерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету туралы меморандумдарға қол қойылды
Бүгін 13-ші Қазақстандық халықаралық «AstanaZdorovie - 2016» көрмесі және «Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы. Заманауи беталыстар» тақырыбында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастырған халықаралық конференция шеңберінде шетелдік компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
03.11.2016
Б. Сағынтаев Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесінде ШЫҰ секцияларын орналастыруға көмек көрсетуге дайын екенін айтты
Бүгін Бішкекте ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ШЫҰ мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты, онда ұйымның көп жақты ынтымақтастығы және одан әрі дамуының бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.
03.11.2016
Қазақстан бюджетіне бастапқы жария ету акциясы бойынша бюджетке 4,7 млрд. теңге түсті
Ағымдағы күнге барлығы 3 400,6 млрд тенге сомасында 122 472 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 3 040,0 млрд. тенге, деп хабарлады Қаржы министрлігі.