04.11.2016
Тәуелсіздік жылдары ішіндегі азаматтық қоғамның даму қорытындылары Шығыс Қазақстанның ҮЕҰ форумында талқылануда (ФОТО)
Шығыс Қазақстан облысында үкіметтік емес ұйымдар форумы өз жұмысын бастады. Негізгі тақырыбы – Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішіндегі азаматтық қоғамның даму қорытындыларын жасау және болашақтағы қызметтің негізгі басымдықтарын анықтау.
04.11.2016
Қ.Тоқаев пен СІМ басшысы екіжақты парламенттік байланыстың перспективасын талқылады (ФОТО)
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчакпен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
04.11.2016
Ақтөбе облысының геологиялық барлау саласына 5 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда
Отандық және шетелдік инвесторлар Ақтөбе облысының геологиялық барлау саласына 5 млрд теңге инвестициялайды. Бұл жөнінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов Ақтөбеде өткен кездесу барысында келісті.
04.11.2016
БҰҰ бөлімшесі Н.Назарбаевтың жасыл технологияларды ілгерілету бойынша халықаралық хаб құру жөніндегі идеясын қолдайды (ФОТО)
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) ЮНЕП-тің Еуропа бойынша өңірлік бюросының директоры Ян Дусик және Орталық Азияға арналған субөңірлік кеңсенің директоры Наталия Алексеевамен кездесті, деп хабарлады Ұлттық компания.
04.11.2016
Жамбыл облысында 1456 гектар аумаққа «жасыл белдеулер» жасау жоспарлануда
Жамбыл облысында 1456 гектар аумаққа «жасыл белдеулер» жасау жоспарлануда. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы С.Қойбақов мәлімдеді.