07.11.2016
М. Трифонов: Ресей қазақстандық фермерлердің жылқы етін өндіру бойынша тәжірибесін қабылдауға дайын (БЕЙНЕ)
Мал шаруашылығы саласындағы ресейлік мамандар қазақстандық фермерлерден жылқы етін өндіру бойынша тәжірибесін қабылдай алады, деді Ресей Федерациясының федералды мемлекеттік ет өнеркәсібі институты оқу орталығының басшысы Михаил Трифонов Strategy2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында.
07.11.2016
ЖҚЖК: 2016 жылдың соңына дейін 41 мың қазақстандық жұмыспен қамтылады
2016 жылдың соңына дейін 41 мың қазақстандық жұмыспен қамтылады, деді ДСӘДМ басшысы Тамара Дүйсенова Мәжілістегі отырыста.
07.11.2016
Алматы облысында полиция қызметкерлері естелік аллеясына ағаш отырғызды (ФОТО)
Алматы облысының полициясы жаңадан плац ашу рәсімін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты түрде жас қызметкерлерден ант қабылдап, Естелік аллеясына ағаш түптерін отырғызумен байланыстырды.
07.11.2016
«ЖҚЖК-2020» іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары 744 мыңнан астам адамға көрсетілді
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы іске асырылған уақыттан бері 2011 жылдан 2016 жылға дейін мемлекеттік қолдау шаралары 744 мыңнан астам адамға көрсетілді. Оның ішінде 56 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағаты барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
07.11.2016
Сенат комитеті Жоғарғы Соттың жаңа судьясына кандидатураны қарады
Парламент СенатыКонституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне Гүлнар Мергенованың кандидатурасы қаралды, деп хабарлады Сенат.