09.11.2016
Қазақстандықтар құқық қорғау органдарына әкімшілік мемлекеттік қызмет стандарттарына сай іріктеледі
Осы жылдан бастап құқық қорғау органдарына алғаш рет түсетін азаматтар үшін іріктеу процедурасы әкімшілік мемлекеттік қызмет стандарттарына жақындатылады.
Енді, құқық қорғау қызметіне түсу үшін үміткерлер заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуден, жеке қасиеттерін бағалаудан және әңгімелесуден өтеді.
Олар бірінші екі кезеңді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өтеді.
09.11.2016
Қазақстанда экспорттық кедендік баж мөлшерлемесі төмендетілді
Қазақстанда өндірілген мұнай битумын экспорттауға жағдай жасау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына маусымға қарамастан тұрақты түрде 1 тоннасына 60 доллардан 15 Еуроға экспорттық кедендік баждың (ЭКБ) мөлшерін төмендетуді көздейтін өзгертулер енгізілді, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
09.11.2016
Астанадағы 11 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі нәтижесінде 400-ден астам адам жұмыспен қамтылды
Астанада биылғы жылдың ең соңғы бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жұмыссыз азаматтарға 60-тан аса жұмыс беруші бос орындар ұсынды. Жұмыс іздеушілер түрлі салаларда мыңға жуық қызмет түрін таңдауға мүмкіндік алды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
09.11.2016
Атом энергетикасы Қазақстан мен Сауд Арабиясының ынтымақтастығын кеңейтеді
Сауд Арабиясы 2040 жылға дейін 16-ға жуық шағын ядролық реактор салуды жоспарлап отыр, бұл елдерге ынтымақтастық диапазонын кеңейтуге мүмкіндік береді, деді ҚР-ның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Батыр Батыршаев ҚР сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында.
09.11.2016
Н.Назарбаев Д.Трампты Қазақстанға сапармен келуге шақырды
Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.