11.11.2016
ЕЭК-те ерекше субсидияларды келісу жөніндегі келісім мақұлданды
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ЕЭК-пен өнеркәсіптік тауарларға және Комиссияның істі қарауды жүргізуіне қатысты ерекше субсидяларды ерікті түрде келісу тәртібі туралы келісім жобасын мақұлдады.
11.11.2016
БЖК: Алматыда 10 айда 249 жоба қолдауға ие болды
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2016 жылы республикалық бюджеттен 3,2 млрд. тенге бөлінді. Ағымдағы жылдың 10 айының ішінде 249 жобаға қолдау көрсетілді, деп хабарлады қала әкімдігі.
10.11.2016
Ақмола облысында 16 жетім балаға пәтер кілті табысталды
Ақмола облысының Жарқайың ауданында 16 жетім балаға пәтер кілті табысталды, деп өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.
10.11.2016
Астанада өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 16 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бастап осы уақытқа дейін Құрылыс басқармасы 4 056 пәтерден тұратын жалпы ауданы 215,5 мың м2 болатын 16 тұрғын үй кешенін пайдалануға берді, деп хабарлады қала әкімдігі.
10.11.2016
Ақмола облысының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 213 млн долларды құрады
Алдын-ала деректер бойынша 2016 жылдың қаңтар-тамызында Ақмола облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 213 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт 43,6 млн. АҚШ долларын (20,5%), импорт – 169,4 млн. АҚШ долларын (79,5%) құрады.