14.11.2016
Қазақстанның 227 спортшысы Универсиада-2017-ге дайындалып жатыр
Қазақстанның 227 спортшысы Универсиада-2017-ге дайындалып жатыр, деді Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
14.11.2016
ҚР ИДМ салық органдары тарапынан бизнеске ақылы және тегін консультациялар жүргізу тәжірибесін енгізуді ұсынады
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің отырысы барысында халықаралық консультанттардың ұсынымы бойынша салық органдары тарапынан бизнеске ақылы және тегін консультациялар жүргізу тәжірибесін енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді.
14.11.2016
Қазақстан РФ-мен қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді ратификациялады
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
14.11.2016
Б.Байбек: Алматыдағы Универсиада-2017 тарихтағы ең ірі шара болмақ
Алматыдағы Универсиада тарихтағы ең ірі шара болмақ, деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек Үкімет отырысында.
14.11.2016
Премьер-Министр СІМ-ге елге инвестиция тартуды белсенділетуді тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-Министр Б.Сағынтаев инвестицияларды тартудағы түйіткілді мәселелердің нақты шешімдерін қабылдау керектігін айтты.