17.11.2016
Прагада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт өтті (ФОТО)
«Рудольфинум» прагалық филармонияның белгілі концерт залында Қазақстанның Чехиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаеваның басшылығымен Еуразиялық симфониялық оркестердің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты гала-концерті өтті.
17.11.2016
2017 жылы Астанада техникалық мамандықтарға 4025 грант бөлінеді
Астана қаласында сұранысқа ие техникалық мамандықтарға мемлекеттік білім гранты 10 пайызға артты, бұл жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 4025 орын бөлуге мүмкіндік береді.
17.11.2016
Қазақстан 25 жыл ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді – АҚШ елшісі
ҚР Парламентінде Мәжілістің Халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесті.
17.11.2016
Қазақстандықтар кәдеге жаратуға арналған автомобильді өз бетінше бағалай алады (ФОТО)
2016 жылғы 21 қарашада Қазақстанның 17 қаласында Өндірушілердің (импорттаушылар) кеңейтілген міндеттерінің операторы – (ӨКМ) ескі автомобильдерді өтеуін төлеп сатып алу жөніндегі бағдарламаны іске қосады, деп хабарлады «ӨКМ операторы» ЖШС басқарушы директоры Рустам Темірбек компанияда өткен брифинг барысында.
17.11.2016
Түркістанда 120 аз қамтамасыз етілген отбасы жаңа тұрғын үйлерден пәтер алады
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін 120 пәтерге арналған 5 қабатты екі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.