21.11.2016
Астана – Байқоңыр бағдары ЭКСПО-2017 қонақтары үшін ашық болады (ФОТО)
Салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығы аумағында алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астана – Байқоңыр туристік бағдарын ұйымдастыру жоспарлануда, деді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Марат Нұрғожин «Қазақстандағы ғарыш күндері – 2016» халықаралық семинары барысында.
21.11.2016
Торонтода «Қазақстанның иллюстрацияланған тарихы» кітабының тұсаукесері өтті
Торонто университетінде Қазақстанның Канададағы Елшілігі Манк халықаралық қатынастар институтымен (Munk School of Global Affairs) бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы: жетістіктер, сын-тегеуріндер және болашақ» атты тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
21.11.2016
Қазақстанда Судьялардың әдеп кодексi қабылданды
Астанада өтiп жатқан республика судьяларының VII съезінде Қазақстан судьяларының әдеп кодексi қабылданды.
21.11.2016
Н.Назарбаев: Қалған реформалардың сәттілігі заң үстемдігіне байланысты
Заң үстемдігі «100 нақты қадам» ұлт жоспарының негізгі бағыты болып табылады, қалған 4 реформаның сәттілігі осыған байланысты. Ұлт жоспарының толық іске асырылуы Қазақстан азаматтарының соттар мен құқық қорғау органдарының қызметін бағалауының түбегейлі жақсаруына әкелуі тиіс, қоғам қазақстандық заң бұлжытпай орындалатынын, ал соттар заңдылық пен әділдікті қорғайтынын білуі тиіс, деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика судьяларының VII съезі барысында.
21.11.2016
Қ.Мәми: Жоғарғы сот Ұлт жоспарының оған жүктелген барлық 10 қадамын орындады
Жоғарғы сот Ұлт жоспарының оған жүктелген барлық 10 қадамын орындады. Бұл жөнінде Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми республика судьяларының VII съезі барысында мәлімдеді.