22.11.2016
Қазақстанда жолаушылар мен жүк таситын вагондар паркі жаңартылады
Қазақстанда 1100-ден астам жүк вагонын сатып алу үшін субсидия бөлінетін болды. Бұл отандық фитингтік платформалар паркін 15%-дан артық жоғарылатуға мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.
22.11.2016
Қазақстандық құқық иелеріне тауар белгісінің заңсыз қолданылуына байланысты өтемақы төленетін болады
Әділет министрлігі тауар белгілерінің құқық иелеріне тауар белгісінің заңсыз қолданылуына байланысты өтемақы алу үшін сотқа жүгіну құқығын беруді ұсынды. Бұл жөнінде ҚР әділет министрі Марат Бекетаев ҚР Үкіметінің отырысы барысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен таныстыру барысында айтты.
22.11.2016
Қ.Бозымбаев өңірлік электр желілік компанияларды ұлғайту тетіктерін ұсынды
Энергетика министрлігі Үкімет отырысында мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында өңірлік электр желілік компанияларды ұлғайту тетіктерін ұсынады, деп хабарлайды primeminister.kz.
22.11.2016
Энергетика министрлігі электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруды болжайды
Үкіметтің кезекті отырысында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев электр энергетика мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу мәселелері бойынша баяндама жасады.
22.11.2016
ҰБТ тест тапсырмаларынан Қазақстан тарихы алынбайды – ҚР БҒМ
Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-дан «Қазақстан тарихы» пәнін алып тастау туралы ұсынысты қолдамады, бұл жөнінде ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Үкіметінің отырысы барысында хабарлады.