23.11.2016
Парламент депутаттары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қабылдады
Парламент депутаттары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қабылдады, бұл шешімді Парламент палаталарының бірлескен отырысының қорытындылары бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин хабарлады.
23.11.2016
Депутаттар Н.Назарбаевтың есімін астанаға беруді ұсынды
Депутаттар ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Қазақстан астанасына беру туралы ұсыныс жасады.
23.11.2016
Алматыда халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қаржылық қолдауға 6,2 млрд теңге бағытталған
Алматыда жергілікті бюджетті үнемдеу есебінен халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына қаржылық қолдау көрсетіледі, бұл жөнінде «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының ХIX есеп беру-сайлау конференциясы барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек айтты.
23.11.2016
Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері әрбір қазақстандықтың еңбегінің арқасында жүзеге асты – депутат
Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістері ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күшті әрі дана басшылығымен әрбір қазақстандықтың қайсар әрі үздіксіз еңбек етуінің арқасында мүмкін болды. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында айтты.
23.11.2016
Астанада Қазақстанның Тәуелсіздігі монументін көтеру ұсынылды
Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов елордада Қазақстан Тәуелсіздігі монументін көтеру туралы ұсыныс жасады.