23.11.2016
Мәжілісте қарсы барлау қызметі туралы заң жобасы мақұлданды
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылуында мақұлдады.
23.11.2016
Қазақстан Парламенті 2017-2019 жылдарға арналған трансферттер көлемдерін бекітті
ҚР Парламентінің Мәжілісі Парламент Сенатының «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы» заң жобасына енгізілетін өзгерістерімен келісті.
23.11.2016
Киевте украиналық публицисттің Қазақстан туралы кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында Киевте Украинаның Ұлттық ғылым академиясында «Орталық Азиялық барыс» кітабының тұсаукесері өтті.
23.11.2016
Қазақстан мен Армения мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Қазақстанның Армениядағы елшісі Тимур Оразаев Арменияның мәдениет министрі Армен Амирянмен Ереванда кездесу барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
23.11.2016
Жамбыл облысының ІІД Жергілікті полиция қызметі 83 жаңа автомобиль алды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облысының ІІД Жергілікті полиция қызметі 83 жаңа автомобиль алды, деп хабарлады облыс әкімдігі.