23.11.2016
Алматы-1-Шу екінші жолының бірінші өткізу кешені құрылысы аяқталып келеді – ҚТЖ
Алматы-1-Шу учаскесінде екінші жолдың бірінші өткізу кешенінің құрылысы аяқталып келеді, деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы- «Темір жол желілері құрылысы дирекциясының» басқарма бастығы Рүстем Молдағұлов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен өткен Алматы-1- Шу екінші темір жол желісі құрылысы барысымен танысу қорытындылары бойынша кеңес барысында.
23.11.2016
Интернет 2G Қазақстанның барлық аумағы бойынша пойыздарда қолжетімді болады
«Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында пойыздардың қозғалыс желісі бойында 2G (сымсыз телефондық технология) өткізіледі, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қорытындылары мен жетістіктерін талқылау жөніндегі арнайы жоба аясында ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтындағы сараптамалық кездесу барысында.
23.11.2016
Қ.Тоқаев және А.Гутерриш БҰҰ-ның келешегін талқылады
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұймының жаңадан сайланған Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.
23.11.2016
Д. Абаев: 2017 жылдан бастап барлық шетелдік телеарналардың ҚР-да өкілдіктері болуы қажет (ФОТО)
2017 жылдан бастап ҚР аумағында көрсетілетін барлық шетелдік телеарналардың Қазақстанда өкілдіктері болуы қажет. Бұл жөнінде ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қорытындылары мен жетістіктерін талқылау жөніндегі арнайы жоба аясында ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтындағы сараптамалық кездесу барысында айтты.
23.11.2016
Ақмола облысында 10,3 млрд теңге жария етілді
Ақмола облысында мүлік пен ақшалай қаражатты мемлекеттік жария ету барысында 47 банк шоты ашылып, 10,3 млрд теңге жария етілді, деп хабарлады Ұлттық банктің Ақмола филиалының директоры Бектұрған Бозтериев облыстың өңірлік коммуникациялар қызметінде.